+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

#Біз біргеміз: Ақмолалық полицейлер мектеп-интернаттың ауласын қардан тазартты

2020 жылғы 25 қаңтар 21:15
Бөлісіңіз:
#Біз біргеміз: Ақмолалық полицейлер мектеп-интернаттың ауласын қардан тазартты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері «Біз біргеміз!» челленджіне атсалып, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Біз біргеміз: Семейлік еріктілер мешітті тазалады Қарағандылық жастар «Birgemiz» жалпы облыстық акциясына қатысты Біз біргеміз: Зиялы қауым өкілдері акцияны қолдады

Ведомствоның мәліметінше, челлендж барысында тәртіп сақшылары есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттың, облыстық ПД-ның және аудандық полиция бөлімінің аулаларынан қарды күреді.

«Таңертеңнен түске дейін полиция қызметкерлері қолдарына күрек алып және арнайы техниканың көмегімен қар тазалау жұмыстарына қатысты. Мұндай сенбілік адамдарды жақындатып, тамаша көңіл-күй сыйлайды», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, осыған дейін елорданың жастары тұрғын үйлердің ауласын қалың түскен қардан тазарту бойынша бастама көтеріп, оны әлеуметтік желіге #Біз біргеміз хештегімен жариялаған болатын. Ақмолалықтар да #Біз біргеміз челленджін жалғастырып алып кетті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылы аясында қолға алынған бұл эстафетаға қолдау білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT