«Біз біргеміз» акциясына түркістандық кәсіпкерлер қатысуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елбасы жариялаған «Біз біргеміз» акциясы аясында «Түркістан» Әлеуметтік даму корпоративтік қоры COVID-19 пандемиясымен күресуге көмек көрсету үшін қаражат, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан азық-түлік, медициналық тауарлар қабылданатынын хабарлады.

«Коронавирус инфекциясының кең таралуына қарсы күрес мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл Қазақстан бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жариялады. Атап кетсек, бұл шаралар көмекке мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарына жедел қолдау көрсетуді көздейді. Осылайша, Түркістан қаласына Ордабасы ауданының кәсіпкерінен гуманитарлық көмек ретінде екі жүк көлігіне тиелген тауар келді. Жаңа піскен қияр мен қызанақтан тұратын жүк «Аделя» шаруа қожалығынан қабылданды», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта жүк облыстың екі қаласы – Түркістан мен Кентау арасында бөлінген. Еріктілер өнімдерді мұқтаж отбасыларға, «Таза қала» компаниясының қызметкерлеріне және қаланың құрылыс алаңдарының жұмысшыларына таратты.

Естеріңізге сала кетсек, облыстың мұқтаж тұрғындарына көмек көрсету үшін қаражат жинауды «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму қоры жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар