#Біз біргеміз: Агенттік қызметкерлері елорданы қардан тазарту ісіне үлес қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері #Біз біргеміз челленджін қолдап, елорданы қардан тазарту ісіне үлес қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Толассыз жауған қар елорданы қар құрсауында қалдырды. Қазіргі таңда мектеп, ауруханалар сияқты маңызды әлеуметтік нысандар мен жеке секторларды қар басып қалды. Қар жинайтын техникалар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Қала тұрғындары мен еріктілер жағдайдың қиындығын түсіне отырып, коммуналдық сала қызметкерлеріне көмек көрсетуде. Осы ретте, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған Еріктілер жылы белсенді азаматтар арасында еркін көмек беруге қуатты серпін берді. Мемлекет басшысы корпоративтік еріктілер қызметінің дамуының маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған қарай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің елордалық департаментінің ұжымы әлеуметтік желілерде іске қосылған #Бізбіргеміз челенджіне қолдау көрсетіп, қар жинауға шықты»,-делінген департаменттің Facebook-тегі парақшасында.

«Мемлекеттік қызметшілер бірінші кезекте жеке секторда тұратын жалғызбасты қарт адамдарың үйінің айналасын қардан тазалауға көмектесті. Департаменттің қыздары дастархан жайып, таңертеңнен қар жинауға шыққан жұмысшыларға ыстық түскі ас берді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдады .


Соңғы жаңалықтар