+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Біз біргеміз: 11 мың отбасы көмек алды

2020 жылғы 26 наурыз 14:09
Бөлісіңіз:
Біз біргеміз: 11 мың отбасы көмек алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Біз біргеміз!» акциясы аясында қанша адамға көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Birgemiz»: Қостанайдағы диірмен кешені 2000 отбасына ұн жеткізеді Еңбек министрлігі зейнетақы мөлшері қалай индексацияланатындығын түсіндірді Амандық Баталов Алматы облысында 65 мың жаңа жұмыс орнын ашпақ

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді. Тек соңғы 6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн. теңгеге көмек көрсетілді»,– деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында .

Сонымен қатар, ол «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғысын білдірді.

«Жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын»,– деді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT