+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Біз бәсекеге қабілетті болуды үйренуіміз керек - Мемлекет басшысы

2019 жылғы 17 қыркүйек 17:28
Бөлісіңіз:
Біз бәсекеге қабілетті болуды үйренуіміз керек - Мемлекет басшысы

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Біз бәсекегеге қабілетті болуды үйренуіміз керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Тwitter парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаевтың БҰҰ 74-сессиясына қатысуына орай әзірленген жаңа деректі фильм көрсетіледі Әбіш Кекілбайұлы қара сөздің құдіреті арқылы елдің намысын оятып, рухын көтерді - Президент Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы келісімге өзгерістер енгізілді

«Біз бәсекеге қабілетті болуды үйреніп, сала немесе аймақ басшысының ауысуына қарай өзгермейтін жайлы коммерциялық және фискальды шарттарды жасауға дайын болуға тиіспіз. Бұл ретте «Қазақинвесттің», жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мол», - дейді Президент .

Мемлекет басшысы Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО мүшесі екенін еске салды.

«Ұлттық өндірушілердің мүддесі, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бәрінен де биік тұруы тиіс. Атқарушы билік ішкі нарықты контрафактілі, қауіпті өнімнен қорғауы керек», - деді ол.

Президенттің айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 300 млрд долларлық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Алайда ауыл шаруашылығына бұл инвестициялардың 1 пайызы ғана жұмсалған. Сол үшін осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралап жүр. Ол облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарында болып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT