Біз бәсекеге қабілетті болуды үйренуіміз керек - Мемлекет басшысы

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Біз бәсекегеге қабілетті болуды үйренуіміз керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Тwitter парақшасына сілтеме жасап.

«Біз бәсекеге қабілетті болуды үйреніп, сала немесе аймақ басшысының ауысуына қарай өзгермейтін жайлы коммерциялық және фискальды шарттарды жасауға дайын болуға тиіспіз. Бұл ретте «Қазақинвесттің», жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мол», - дейді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО мүшесі екенін еске салды.

«Ұлттық өндірушілердің мүддесі, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бәрінен де биік тұруы тиіс. Атқарушы билік ішкі нарықты контрафактілі, қауіпті өнімнен қорғауы керек», - деді ол.

Президенттің айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 300 млрд долларлық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Алайда ауыл шаруашылығына бұл инвестициялардың 1 пайызы ғана жұмсалған. Сол үшін осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралап жүр. Ол облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарында болып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді.



Соңғы жаңалықтар