Біз Ауғанстанның өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ете алатын ел болғанын қалаймыз - АҚШ өкілі

None
None
А 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -  «Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің құрылысына қатысушы ретінде оның Орталық Азиядағы алғашқы форумына да қатысып отырғаныма ризамын және бұл үшін мен қазақстандық әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді.


Олар өте қонақжай халық», - дейді  АҚШтың Қорғаныс министрінің көмекшісі Александр Вежбол. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің III Қауіпсіздік форумы барысындағы Ауғанстандағы мәселелерге арналған сессия барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Александр Вежболдың айтуынша, Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі қауіпсіздік саласында үлкен реформалар жүргізуге қауқарлы ұйым. «Осыған орай бүгін Ауғанстандағы жағдайға байланысты пікірлесіп отырмыз. Талибандардың елдегі жағдайға ықпалынан ажырағанына 7 жыл болды. Соған қарамастан Ауғанстандағы соғыс жалғасуда. Біз Ауғанстанда лаңкестердің әрекеттерін тоқтатып, онда түпкілікті тыныштық орнатуға ұмтылып отырмыз. Бізге онда сенімді билік орнатып, мемлекеттің өзі ішіндегі қауіпсіздігін өзі сақтай білуі үшін азаматтық қоғамның әлеуетін арттырып, ауған әскері мен полициясын дайындауымыз қажет», - деді министрдің көмекшісі.

 Оның пікірінше, Ауғанстандағы мәселеге осы аймақтағы елдердің барлығының  күшін жұмылдырып, талибандарды түпкілікті жоюға күш салу қажет.

Соңғы жаңалықтар