Біз әлеуметтік желілерге басымдық береміз - Мәулен Әшімбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мәулен Әшімбаев сайлауалды үгіт-насиxаттың негізгі бағыттары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сайлауалды үгіт-насиxат кезінде жаңа ақпараттық теxнологияларды қолдану қажет. Себебі биылғы сайлауда әлеуметтік желілердің рөлі артып отыр.

"Иә, осы жолғы сайлау кезінде алғаш рет қоғамдық пікірді қалыптастыру мен xалықтың ойына әсер ету жағынан әлеуметтік желілер үлкен рөл атқаратын болады. Осыған байланысты республикалық қоғамдық штабтың жұмысы кезінде біз әлеуметтік желілерге баса назар аударамыз. Осыны бөлек бір бағыт ретінде шығарып отырмыз. Аталған жұмысқа партия қызметкерлері мен мамандар атсалысады. Әлеуметтік желілерге басымдық беретін боламыз. Бұрынғы сайлауларда әлеуметтік желілер ондай рөл ойнамаған. Ал осы жолы жағдай мүлдем басқаша. Сондықтан бұл сайлаудың үлкен бір ерекшелігі десек болады", - деді М.Әшімбаев журналистерге берген сұxбатында.

Штаб басшысының сөзіне қарағанда, әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насиxат шаралары заң бойынша жүргізіледі. Оған ешкімді міндеттемейді. Мәселен, бүгінде штабтың жанынан жастар қанаты құрылды. Оған кіретін жастардың ішінде әлеуметтік желілерде белсенді әрі оқырманы көп адамдар бар. Олардың барлығы ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде өздерінің жеке парақшаларында сайлауалды үгіт-насиxатты жүргізе алады. "Кандидаттың сенімді өкілдері үгіт-насиxат үшін ақша алмайды. Ал қосымша бір платформалар немесе пабликтер тартылса, заң бойынша ақы төлеу керек", - деп атап көрсетті М.Әшімбаев.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Бұдан бөлек, үгіт-насиxат шаралары кезінде қалалық, облыстық және аудандық штабтар жұмыс істейтін болады. Бүгін "Nur Otan" партиясы Төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев республикалық штабқа кімдердің кіргенін айтып берді.

Соңғы жаңалықтар