Биылғы жылы Нұр-Сұлтанда 150 жол салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Нұр-Сұлтанда жалпы ұзындығы 100 шақырымнан асатын 150 жол салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтанда жол жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделіп, кейбірі жаңадан салынады. Оның 100 көшесі елді мекендерге тиесілі. Елорданың 50 магистральды көшесіндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биыл көлік ағынын жеңілдетіп, жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі», - деп жазылған әкімдіктің Facebook -тегі парақшасында.

2020 жылы елді мекендерде 60 шақырымды құрайтын 100 көше жөнделіп, кейбірі жаңадан салынады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жол жұмыстарына 1,5 адам қатысып жатыр. Ал жалпы 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғындар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.



Соңғы жаңалықтар