Биылғы жылы Көксарай су тоспасының құрылысын жалғастыруға 15 миллиард теңге жұмсалмақ - ТЖМ

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы Көксарай су тоспасының құрылысын жалғастыруға 15 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылы су тоспасының құрылысына 21 миллиард теңге бөлінгенін, сондай-ақ бұл қаржы толығымен игерілгеніне тоқталған министр, биылғы жылы 15 миллиард теңгені жұмсау көзделіп отырғандығын және жоспарланған жұмыс көлемі толық атқарылатынын айтып өтті.

«Жоба аясында өткен жылғы желтоқсанның 6-сында Сырдарияның негізгі арнасын жабу жүзеге асырылып, су бас гидроқұрылыс нысаны арқылы бағытталды. Яғни, біз Сырдарияның барлық ағынын ұстау бойынша негізгі мақсатты орындадық», - деді В. Божко.

Министр биылғы жылы су тоспасы 3 текше шақырым суды қабылдау мүмкіндігіне ие болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар