Биылғы жылы кәсіпкерлікті мемлекеттік несиелендіру саласында қозғалған қылмыстық істер 64 пайызға артық - Қаржы полициясы

None
None
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары кәсіпкерлікті мемлекеттік несиелендіру саласында 75 қылмыстық іс қозғады.

 Бұл өткен жылдың осы кезеңдегі көрсеткішінен 64 пайызға артық.

Осы жайында бүгін Астанада апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты, деп хабарлайды.

Оның сөзіне қарағанда,  аталған қылмыстық істердің 47-сі сотқа жіберілді. 11 адам сотталды.

«Анықталған залал мөлшері 1 млрд. 338 млн.теңгені, сондай-ақ өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша өтелген залал мөлшері 231 млн.теңгені құрады. Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, аталмыш қылмыстардың басым бөлігі  несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану фактілері», деді ресми өкіл.

Бұндай фактілерге қатысты 32 қылмыстық іс қозғалған. Мақсатсыз пайдаланылған ақшаның мөлшері 729 млн. 900 мың теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар