Биылғы жылы ІЖӨ өсімі 0,1 пайыз деңгейінде болады - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы жылы ІЖӨ-нің өсімі 0,1 пайыз деңгейіне жеткізілмек. Бұл туралы бүгін Үкіметте болған селекторлық кеңесте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, министрлік жергілікті орталық органдарымен  бірлесе жоспарланған өсімге жетудің параметрлеріне талдау жасап, қарастырған. Ондағы бағалау индикаторы 0,1 пайызға жетті. «Биылғы жылғы 11 айдың талдауы мен нәтижелері бұл параметрлер нақты орындалатынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге бөлек салаларда осы көрсеткіш артығымен орындалуы мүмкін», деді министр.

 Б. Сұлтановтың сөзіне қарағанда, жоғарыда жоспарланған парамерлерде өңдеуші өнеркәсіптегі көрсеткіштер қалыптастырылды.  Оның ішінде мұнай өнімдері өндірісін 3,5 пайызға, резеңке және пластмассалық бұйымдар өндірісін 10,5 пайызға арттыру есебінен қаралған.

 «Сонымен бірге бөлек салаларда көрсеткіштердің төмендеу үрдісі сақталуда. Бұдан бұрынғы жоспарланған деңгейден химиялық өнеркәсіп өндірісі 4,6 пайызға төмендеді.  Көлік саласындағы қызмет көрсетуде біз жоспарланған көрсеткіштерге жетпей отырмыз», деді министр.

 Сөз соңында ол экономикада оң үрдіс байқалып отырғанын, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштер орындалатынын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар