Биылғы жылға 9,6 миллиард теңгенің субсидиясы бөлінді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына егін шаруашылығы саласын субсидиялау үшін ағымдағы жылы 9,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл жөнінде облыс әкімі Қ. Айтмұхаметовтің төрағалығымен өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің көктемгі дала жұмыстарына дайындық шаралары және жауапты науқанды ұйымшылдықпен сапалы өткізу жөніндегі облыстық кеңес айтылды.

"Субсидиялау нормативі отандық тыңайтқыштар үшін - 50 пайыз, шетелдікке - 30 пайыз құрайтын болады. Тұқым шаруашылығын дамыту үшін республикалық бюджеттен 379,3 миллион теңге бөлініп, бұл 25 мың тоннаға дейін элиталық тұқымды қайта субсидиялауға мүмкіндік береді", - деді кеңесті қорытындылаған өңір басшысы

Кеңесте аталып өтілгеніндей, ылғалмен қамтамасыз ету және көктемгі егіске дайындықтың жалпы жағдайы облыс диқандарына жақсы өнім алуға белгілі алғышарттар жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар