Биылғы жылдың орта кезінен бастап экономиканың өсімі байқалмақ

None
None
сымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Биылғы жылдың орта кезінен бастап  экономиканың өсімі байқалмақ.


Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бес айдың нәтижесі бойынша ағымдағы жағдайдың тұрақты мониторингі базалық салаларда бөлек экономикалық индикаторлар бойынша, әсіресе, кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі бойынша айдан-айға жоғарылау көрсеткішінің пайда болуын көрсетіп отыр. Осы арқылы  биылғы жылдың орта кезіне қарай біз экономиканың бәсеңсуінен, қалпына келтірілген өсіміне ауысуын байқайтын боламыз», - деді министр.

Б. Сұлтановтың пайымдауынша, дағдарысқа қарсы қаражатты барынша толық игерілуін есептегенде, жыл қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерді байқауға болады.

 «Жылдың қорытындысы бойынша оң нәтижеге шығу  Үкімет мүшелерінің барлығына, ұлттық холдингтерге алдымызға қойылған мақсатқа қол жеткізуде өте маңызды», - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар