Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда Абу Дабидің исламдық «Al Hilal» банкі ашылады

None
None
АНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Абу Дабидегі әріптестермен бірлесе Қазақстанда алғашқы исламдық «Al Hilal» банкі құрылуда.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан исламдық қаржыландыру жүйесі конференциясында вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде исламдық қаржы әлемі қарқынды даму кезеңінде тұр және біз исламдық банкингтің Астанадағы дамуына қызығушылық танытып отырмыз. Абу Дабидегі әріптестерімізбен бірлесе бірінші исламдық «Al Hilal» банкі құрылуда. Қазіргі кезде қажетті құжаттарды алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл банк жақын арада жұмыс істей бастайды», деді Ә. Исекешев.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, «Al Hilal» банкі Абу Даби Үкіметінің құрамына кіреді. Сондай-ақ бұл банк биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде ашылатын болады.

Айта кетейік, Қазақстанда исламдық банк 2010 жылғы қаңтар айында тіркелген болатын. Қазіргі кезде толық банктік қызмет көрсету спекторын жүзеге асыру үшін банктік лицензияны алудың соңғы кезеңі атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар