Биылғы жылдың 10 айында салық төлеушілер есебінен 169 мың сәйкессіздік анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда салық міндеттемелерінің орындалуын бақылау жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді және ол ұйымдастырушылық-құқықтық формасына байланысты емес.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 10 айында камералдық бақылау арқылы салық төлеушілердің есебінен 169 мың сәйкессіздік анықталып, оларға тиісті хабарламалар жіберілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті коммерциялық емес ұйымдардың қызметі, салық заңнамасына сәйкес, салықтардың жекелеген түрлері бойынша салық салуға жатпайтынын еске салды. Осылайша, бірқатар кіріс корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығынан босатылады.

Сондай-ақ, грант қаражатынан төленген төлемдерге әлеуметтік салық салынбайды. Активтерге иелік ету кезінде коммерциялық емес ұйымдар салықтан босату немесе төмендетілген салық ставкасы түрінде салықтық жеңілдіктерге ие.

Комитеттен атап өткендей, мұндай артықшылықтар аталған ұйымдардың қызметінде ашықтық мен айқындықты талап етеді.

Бұл ретте КЕҰ Салық кодексінің 29-бабына сәйкес салық органдарына шетелден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) мүлікті қабылдау, жұмсау туралы хабарлауға міндетті.

Ақшаны жарғылық қызметте көзделмеген мақсаттарға пайдалану фактісі анықталған жағдайда мұндай кірістерге жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады.

Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары салықтық жеңілдіктерді қолдану негізділігіне бақылау жасайды.

«МКК сонымен бірге, Салық кодексінің 29-бабының талаптарын бұзу өткен жылдары анықталғанын атап өтеді. Мәселен, 2018 жылы 4 факт, 2019 жылы 6 факт, 2020 жылдың 9 айында 4 факт анықталды. Бұл орайда, ұйымдар бұрын жария етілмеген ақпаратты көрсететін қосымша есептілік ұсынуға құқылы», -делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар