Биылғы жылдың 1 тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 691,9 млрд. теңгені құрады - Ә.Смайылов

None
None
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың 1 тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 691,9 млрд. теңгені құрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, бұл көрсеткіш 7,4 пайызға артық. Бұл туралы бүгін Астанада өткен онлайн-конференцияда ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 2001 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 92,7 млрд. тонна/шақырымды құрады. 2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, бұл деңгей 16,7 пайызға артты.

«Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымын есептемегенде) 779,9 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың 1 тоқсанына қарағанда бұл көрсеткіш 11,9 пайызға өсті. Сонымен қатар көтерме сауда тауар айналымы 1761,4 млрд. теңгеге жетіп, 2010 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 15,6 пайызға артты», - деді Ә. Смайылов.

Соңғы жаңалықтар