Биылғы жаңа оқу жылынан бастап «Бала-аман» атты жаңа бағдарлама іске асырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жаңа оқу жылынан бастап «Бала-аман» атты жаңа бағдарлама іске асырылады. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Балаларды сауықтыру шаралары мектептен басталуы тиіс екеніне тоқталған министр, бүгінде қоғамдық институттармен бірлесе «Бала-аман» атты жаңа бағдарлама әзірленгенін атап өтті. Осы ретте бастауыш сынып оқушылары арасында шаршағандықты төмендету үшін әртүрлі жаттығуларды көрсетуді; нақты мысалдар арқылы дұрыс мүсін қалыптастыруға; дұрыс тамақтану дағдыларына; балаларды медициналық алғашқы көмек көрсетуге үйретуді қарастыратын веб-ресурстың жұмысы ескеріліп отыр.  

«Атап айтқанда, бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге ағымдағы жылы басталмақ. Ол қанатқақты тәртіпте 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін Астана және Алматы қалаларының мектептерінде, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан еліміздің барлық мектептерінде іске асырылады»,-деді ол.

Т. Дүйсенованың сөзіне қарағанда, қаңтар-наурыз айларының аралығында профилактикалық тексерумен 2,6 млн оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 97,9 пайызы қамтылды. Аурудың алғаш рет анықталуына байланысты диспансерлік есепке 306 мың оқушы тіркелді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, балалар арасындағы аурулардың алдын алу мақсатында мектептегі медицина білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілетін болады. Тиісті заң жобасы әзірленді. Жыл басынан бастап қанатқақты тәртіпте жүзеге асырылып келе жатқан сауықтыру шараларының күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды қарастырады

Соңғы жаңалықтар