+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Биылғы үш айда Қазақстаннан 5,5 мың адам көшіп кеткен

2021 жылғы 17 мамыр 08:45
Бөлісіңіз:
Биылғы үш айда Қазақстаннан 5,5 мың адам көшіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны 5,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мамырда орташа айлық жалақы 232, 3 мың теңгені құрады – статистика ШҚО-да 37 мигрант ел аумағынан шығарылды ШҚО-да 26 кәсіпкер шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап мәлім етуінше, 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2 066 адам елімізде тұрғылықты тұру үшін тіркелді. Қазақстаннан кеткендер саны - 5 519 адам. Көші-қонның айырымы -3 453 адамды құрады.

«Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,1% және 82,0% құрады», - деді ведомстводан.

Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, ел ішінде қоныс аударатындар саны 9,5% азайған. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT