Биылғы тоғыз айда 1 жасқа дейінгі 2,6 мың сәби көз жұмды – статистика

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы тоғыз айда Қазақстанда 338,8 мың шақалақ дүниеге келсе, 1 жасқа дейінгі 2682 сәби көз жұмған. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, еліміздегі халық саны 19062,6 мың адамды құрады. Оның ішінде қалада – 11303,6 мың (59,3%), ауылдарда 7759,0 мың адам (40,7%) тұрады. 2020 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 253,4 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Биылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен (189,3 мың адам) салыстырғанда 6,3% артып, 201,2 мың адамды құрады.

АХАТ органдарының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бергі тоғыз айда 338,8 мың шақалақ дүниеге келген. Бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке (313,9 мың адам) қарағанда 7,9% көп.

Аталған кезеңде елімізде 137,6 мың адам қайтыс боды. Бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке (124,7 мың адам) қарағанда 10,4% көп.

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 2682 нәресте шетінеген. Бұл, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2448 шетінеген нәресте) 9,6% көп.


Соңғы жаңалықтар