+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Биылғы шомылу маусымында 266 адамның ажалы судан келді

2019 жылғы 5 қыркүйек 15:31
Бөлісіңіз:
Биылғы шомылу маусымында 266 адамның ажалы судан келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Суға шомылу маусымы басталғалы бері еліміздің су айдындарында 266 адам суға кетті, оның ішінде 87 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, 242 адам, оның ішінде 80 бала шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түсіп батып кеткен. Е ересектердің қарауынсыз қалған 24 баланың да ажалы судан болды. Сондай-ақ мас күйінде суға шомылған 23 адам мерт болды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 269 адамды, оның ішінде 85 баланы құтқарды.


Елімізде ресми суға түсу және су жанында демалуға арналған 607 орын (107 коммуналдық және 500 жеке жағажай) белгіленген. 27 коммуналдық жағажайдың акваториялары ІІМ ТЖК бөлімшелерінің бақылауында болды. Сондай-ақ 53 мобильдік құтқару бекеттерін қою арқылы су айдындарының 113 қауіпті учаскесі (табиғи жағажайлар) бақылауға алынған. Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушы-жасақшылардың күшімен 310 нысандық құтқару бекеті құрылған.


Шомылуға тыйым салынған 3 мыңнан астам орын анықталды. Аталған жерлерге 3 386 ескерту белгісі мен 1 120 көрнекі стенд орнатылып, онда адамдардың қаза болу себептері мен оқиғаға ықпал еткен жағдайлар көрсетілген.


1 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында 14 мыңнан астам рейд жүргізілді. 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 млн теңгеден астам айыппұл салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT