Биылғы шілдеде азық-түлік бағалары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті - Статистика

None
None
АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың шілде айында елімізде азық-түлік бағалары өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті.

Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігі жариялап отыр.

Ағымдағы жылдың шілде айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қант - 23,1, кофе, шай және какао - 12,9, кондитерлік өнімдер - 8,5, май мен тоң май - 8,3, сүт өнімдері - 6,8, алкогольді сусындар - 5,6, тоқаш пен ұн өнімдері 4,4 пайыз қымбаттады. Ал бағаның төмендеуі ұнға 18,3, жармаға - 5,4, нанға - 1,9, макарон өнімдеріне - 1,3, жемістер мен көкөністерге - 0,4 пайызға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдерінің бағасы 9,7 пайыз өсімді құрады. Атап айтқанда, шұжық өнімдері - 8,4, қой еті - 6,6, құс еті - 3,8, жылқы еті - 3,4, шошқа еті 9,3 пайызға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар