Биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Ораза айы 6 мамырда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», - деп жазды А. Қонарбайұлы өзінің Фейсбук парақшасында.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі саналатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты.
ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды.
- Көлсай мен Қайыңды көлінде коньки тебуге бола ма
- Атырауда мас көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды
- Ақмола облысының тұрғындары жолдағы қауіпті учаскелерді қосымша арқылы біле алады
- Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
-
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
-
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам