Биылғы Паралимпиада ойындары тарихи жеңіске толы болды – Ақтоты Райымқұлова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Паралимпиада чемпиондарын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Токио төріндегі байрақты бәсекеден оза шауып, қазақ халқына олжа алып келген ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына алтын, күміс және қола медаль сыйлаған паралимпиадашы спортшыларға салтанатты түрде құрмет көрсетуге жиналып отырмыз. Тарихи жеңіске толы Паралимпиада ойындары кеше ғана шымылдығын жапты. Елге оралған азаматтарымызбен осы залда кездесіп отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Мәдениет және спорт миинстрі салтанатты шарада.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында Қазақстан 5 медаль алды. Оның біреуі - алтын, 3-еуі күміс, 1-і қола медаль.

Жалпы командалық есепте қазақстандық спортшылар 51-орынға табан тіреді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Давид Дегтярев III дәрежелі «Барыс» орденімен, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариевтер «Парасат» орденімен, Нұрдәулет Жұмағали «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қырымбек Көшербаев іс-шара барысында алтын медаль алған Давид Дегтяревке 106 миллион теңге, күміс медальге ие болған Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариевтерге 63 миллион теңге, қола жүлдегер атанған Нұрдәулет Жұмағалиге 31 миллион теңге қаржылай сыйақы табыстады.


Соңғы жаңалықтар