Биылғы маусым айында зейнетақы жинағы 4,8 пайызға артты – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылғы маусымда зейнетақы төлемдерінің сомасы 36,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинағы 2022 жылғы маусымда 613,7 млрд теңгеге немесе 4,8 пайызға ұлғайып, 13 384,5 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 шілдеде 7 246,6 млрд теңгеге дейін 505,4 млрд теңгеге артты», - делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 1 шілдеде 10,9 млн болды. 2022 жылғы маусымда зейнетақы төлемдерінің сомасы 36,7 млрд теңгені құрады.

«2022 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше, зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 42,6%-ы және 21,4%-ы) алып отыр», - деп аталып өткен ҰБ ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар