Биылғы қаңтар-сәуірде экспорт 18 млрд доллар болды – Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл тауар өндірісі 5,8 пайызға өсті. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды құрады, инфляция – 5,4 пайыз. Негізгі капиталға салынған инфвестициялар 8,5 пайызға өсті. Жұмыссыздық 4,8 пайыз деңгейінде болды. Экспорт 58 млрд долларды қамтыды. Жалпы, сыртқы сауда айналымы 96 млрд долларға жетті. Бұл біздің 2019 жылдағы көрсеткіштер», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, карантиндік шаралар аясында жыл басынан әлемдік экомикада іскерлік белсендік деңгейінің баяулағаны, сондай-ақ негізгі биржалық тауарларға конъюнктураның төмендеуі байқалуда.

«Биылғы 4 айда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларына тоқталып өтпекпін. ЖІӨ 0,2 пайызға төмендеді. Сонымен бірге, тауар өндірісі 5,8 пайызға өсті. Дегенмен қызметтер 4 пайызға қысқарды», - деді Р. Дәленов.

Оның сөзіне қарағанда, негізгі капиталда инвестицияның өсімі нақты мәнде 0,9 пайызды құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен төмен. Дегенмен өсімнің оңтайлы артуы сақталуда. Инвестиция тарту бағытында жаңа қадамдар ескерілуде.

«Биылғы қаңтар-сәуірде экспорт 18 млрд доллар болды. Жалпы, төрт айдың нәтижесінде қызмет көрсету секторының баяулауы тұрғысында ЖІӨ көлемі 0,2 пайызға төмендеді», - деп түсіндірді министр.


Соңғы жаңалықтар