Биылғы қаңтар-қазан айларындағы бөлшек сауда былтырғымен салыстырғанда 12,7 пайызға жоғарылады

None
None
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,7 пайызға жоғарылап, 2 881,9 млрд. теңгеге жетті.

Ағымдағы жылғы қазанда 2010 жылғы қазанмен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі де 12,7 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылғы қаңтар-қазанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1 477,6 млрд. теңгені құрады немесе бұл былтырғыға 6,3 пайызға артық. Сонымен қатар, 2011 жылғы қаңтар-қазанда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға жоғарылаған. Аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 48,7 пайызды құрады. Бұдан бөлек, бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым болып отыр, бұл бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,7 пайызды құраған. Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға, азық-түлік тауарлары - 15,7 пайызға ұлғайған.

Соңғы жаңалықтар