Биылғы халық санағында қағаз қолданылмайды - Нұрболат Айдапкелов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов биыл болатын Ұлттық халық санағының ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші ерекшелік, қағазбен жұмыс істеу болмайды. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Екінші ерекшелік, интервьюерлерді үйіне кіргізуді қаламайтын адам sanaq.gov.kz арнайы сайтына кіріп, санақ парақтарын өз бетімен толтыра алады. Бұл - өте ыңғайды нәрсе», - дейді Нұрболат Айдапкелов.

Ол қазан айының 1 мен 15 аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізілетінін айтты.

«Сонымен бірге, сайтта респонденттерге арналған түсіндірмелер мен арнайы виртуалды көмекші де бар. Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер жаппай сауалнама жүргізеді. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Интернет арқылы мәліметтер берген респонденттер интервьюерлер жүргізетін сауалнамаға қатыспайды. Халыққа сауалнама жүргізу барысында респондентті сәйкестендіру үшін сұралатын адамның ЖСН-і пайдаланылады. Сауалнама аяқталғанда халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар