Биылғы екі айда Қазақстанда машина құрастыру көлемі артты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіпте 7134 млрд теңгеге өнім өндірілді. Оның ішінде кен өндіру саласында – 3411 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 47,8%), өңдеуде саласында – 3132 млрд теңгеге (43,9%). ҚазАқпарат бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс – 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 2,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен қамтуда және ауа баптауда – 4,6%, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызметте 3,2% артты.

Сондай-ақ табиғи газ өндірісі – 101,1%, кендер (темірді қоспағанда) – 107,6%, өзге де пайдалы қазбалар 112,9% артты.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,5% құрады. Өндіріс өсімі тамақ өнімдеріне – 9,6%, сусындарға – 22,6%, мұнайдың өңделген өнімдеріне – 6,5%, резеңке және пластмасс бұйымдарына – 9,4% тіркелді. Сондай-ақ негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру – 16,7%, машина құрастыру 31,5% артты.

Өндіріс көлемі республиканың 13 өңірінде артқан. Төмен қарқын Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында байқалды.




Соңғы жаңалықтар