Биылғы бес айда Ақмола облысында 2085 отбасы баспаналы болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы бес айда Ақмола облысында 239,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2085 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Асқар Мұратұлы өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы журналистермен өткізген брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мұратұлының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасының басты бағыттарының бірі – бірыңғай басты саясатын жүзеге асыру болып табылады. Оның ішінде халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары мен көпбалалы отбасыларды пәтермен қамту көзделген.

«Биыл сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2 889,3 миллион теңге сомасында нысаналы трансферт бөлінді. Облыс бойынша салынып жатқан 6 жалға берілетін тұрғын үйдегі 290 пәтердің 86-сы көпбалалы отбасыларға арналған», - деп атап өтті Асқар Мұратұлы.


Қазіргі кезде 38 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 20 тұрғын үй жалға беру әдісі бойынша тапсырылса, қалғандары банктердің несиелік бағдарламалары арқылы үлестіріледі.

«Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс бойынша барлығы 275 шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама жоғары. Ал, жыл соңына дейін Ақмола облысында 174 көпбалалы отбасы баспаналы болады», - деп толықтырды Асқар Мұратұлы.


Соңғы жаңалықтар