Биылғы бес айда 5 мыңнан астам елордалық жұмыспен қамтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 5 мыңнан астам елордалық жұмыспен қамтылды. Бұл туралы жартыжылдықты қорытындылаған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыспен қамту орталығы 5500 азаматты жұмыспен қамтыды. Оның ішінде тұрақты қызметке 2804 адам орналасты. Бұл жылдық жоспардың 39 пайызын құрап тұр. Қоғамдық жұмыстарға 2046 азаматты жолдадық. Бұл бағытта жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. Жастар практикасы бойынша жылдың басынан бері 270 елорда тұрғыны жұмыспен қамтылды. Бұл бағдарлама бойынша жылдың соңына дейін тағы 998 адам қызметке орналасады», - деді директор.

Азамат Байтасовтың мәліметінше, биылғы бес айда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға ниетті 5 адамға грант берілген. Ал жыл соңына дейін осындай 350 азаматқа грант бөлінеді. Сондай-ақ, биыл жаңа бизнес идеяларын іске асыратын азаматтарға берілетін грант сомасы өскен.

Азамат Байтасовтың мәліметінше, бүгінде азаматтарға 1,2 млн теңге көлемінде қаржы ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар