Биылғы 9 айда 411 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 9 айында 411 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың  1 қазанындағы жағдай бойынша «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына  523,7 мың адам қатысқан. Оның ішінде 229,6 мың адам - жұмыссыздар,  93,0 мың адам - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал қалғандары жұмыс күші құрамына кірмейтіндер (ТжКБ-да оқып жатқандар). Есепті күнге 411 мың адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 293,5 мың адам немесе 71 %-ы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрған.

Бағдаралам үш бағыт бойынша жүзеге асады: Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және  халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Соңғы жаңалықтар