Биылғы 7 айда отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2 есеге артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 7 айында қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2 есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін биыл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті.

2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.

«2020 жылдың осы кезеңінде 2,6 млн адам, ал 2019 жылы 4,6 млн адам болған. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны саны 58% артып, 8,1 млн адам болды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар