Биылғы 11 айда қылмыстың төмендеуі еліміздің барлық аумақтарында байқалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 11 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға (330 506-дан 314 419-ға) төмендеді.

«Қылмыстылық барлық түрлері бойынша төмендеген, олардың ішінде аса ауыр қылмыстар - 19,2 пайыз (2 511-ден 2029-ға), ауыр қылмыстар - 18,3 пайыз ( 32 092-ден 26 234-ке), ауырлығы орташа қылмыстар - 2,7 пайыз деңгейінде ( 255 380-нен 248 504-ке), сондай-ақ ауыр емес қылмыстар 7,1 пайызға (40 523-тен 37 652-ге) азайған»,-делінген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметінде.

Қылмыстың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың әрекетін үйлестіру қылмыстылық құрамының негізін құрайтын қылмыстардың төмендеуіне ықпал етті, мәселен, ұрлық 2,1 пайызға, бұзақылық 14,1 пайызға, тонау 24,8 пайызға төмендеген. Бұлардың барлық жасалған қылмыстар ішіндегі өзіндік үлесі 71 пайызды құрайды.

Алькогольдік және есірткіге елтіген күйінде жасаған қылмыс 2,9 пайызға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 18,3 пайызға, көшедегі қылмыс 9,3 пайызға және қайталама қылмыс 4,4 пайызға төмендеген.

Әлемде нақты криминогендік жағдайды бағалайтын индикаторлар да қылмыстың төмендегенін көрсетіп отыр. Мәселен, кісі өлтіру саны 19,8 пайызға, қарақшылық 32,9 пайызға және бопсалау 18,1 пайызға азайды. Қоғамдағы қылмыстылықтың шынайы ахуалын қылмыстың дәл осы түрлері көрсетеді. Жалпы қылмыстың төмендеуі еліміздің барлық аумақтарында байқалады.

Соңғы жаңалықтар