Биылғы 10 айда өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды – Бейбіт Атамқұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 10 айда еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп өсімін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл мақсат Нұр-Отан партиясының сайлауалды тұғырнамасында да көрініс тапқан. Оған жету үшін екі негізгі міндет қойылды. Біріншіден, Индустрияландыру картасы және ірі инвестициялық жобалар аясында өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа жобаларды іске қосу. Екіншіден, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа шараларын іске асыру», - деді Б. Атамқұлов.

Оның айтуынша, биылғы 10 айдың қорытындысында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды. Нақты көлем индексі 5,8 % артып, 13,4 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен артық. Іс жүзінде саланың барлық секторында оң динамика байқалады.


Соңғы жаңалықтар