+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Биылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

2021 жылғы 17 мамыр 09:08
Бөлісіңіз:
Биылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұраны аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
200 мыңнан астам қарағандылық халық санағынан онлайн форматта өтті Атырау облысында 145 мыңнан астам адам онлайн-санақтан өткен Халық санағы арқылы халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайы көрінеді - Олжас Сайлаубекұлы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу процесі толық автоматтандырылып, оған заманауи сандық технологиялар енгізіледі.

Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда.

1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды. Мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады.

Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады.

«Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы - интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ді енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-ні қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді», - деп нақтылады ведомстводан.

Қазақстандықтар барлығы 87 сұраққа жауап береді.

Ұлттық санаққа бірнеше жолмен қатысуға болады.

1 қыркүйектен call-орталық жұмыс жасай бастайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT