Биылдан бастап сержанттар, кинологтар, учаскелік полиция көмекшілерінің жалақысы өседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев биылдан бастап сержанттар, кинологтар, учаскелік полиция көмекшілерінің жалақысы өсетінін айтты,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кадр дайындау мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Алдымен, ведомстволық білім беру жүйесі өзгерді. 12 оқу орнының алтауы қалды. Олар: Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары, Ақтөбе заң институты, сондай-ақ Шымкент және Павлодар оқу орталықтары. ІІМ Алматы академиясында 2 факультет ашылды. Басшылар мен орта буын басшыларын даярлайды. Қосымша рейтингі жоғары оқу орындарымен 33 меморандум жасалды», - деді Е. Тұрғымбаев Сенаттағы полиция қызметіне қатысты Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Президент тапсырмасы бойынша қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру басталды. Бірінші кезеңде, яғни 2021 жылдан бастап сержанттар, кинологтар, учаскелік полиция көмекшілері, күзет және басқа қызметтерге жалақы 3 жыл ішінде 15 пайыздан 58 пайызға дейін көтеріледі. Қалған қызметкерлердің жалақысы осы кезеңде 30 пайызға өседі.

«Тұрғын үй үшін өтемақы алатын бөліністер саны 27 пайыздан 78 пайызға дейін өсті. Енді 23 мың қызметкер өтемақы алатын болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар