Биыл жылына 1 млн тонна полиэтилен өндіретін жоба қолға алынбақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан мұнай-газ-химия саласында 515 мың тонна өнімін өндірмекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.

«2023 жылы мұнай-газ-химия өнімін өндіру көлемі 515 мың тонна деңгейінде жоспарлануда. Саланы одан әрі дамыту шеңберінде құны шамамен 900 млн доллар болатын бутадиен өндіру кешенінің құрылысы басталды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, биыл «Полиэтилен» жобасының аясында мұнай өңдеу өндірісін тереңдету жалғасын табады.

«2023 жылы «Полиэтилен» жобасының аясында қуаты 9 млрд текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік беретін газ сепараторлық қондырғыны қаржыландыру мәселесі шешіліп, қуаты жылына 1,250 млн тонна болатын полэтилен кешенін жобалау басталады», - деді Болат Ақшолақов.

Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар