Биыл ЖРВИ, тұмау, коронавирус қатар жүреді, оған жеңіл-желпі қарауға болмайды – дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАҚпарат – Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев тұрғындарды алдын алу шараларын сақтау шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Белгілі болғандай, бүкіл әлемдегі сияқты елімізде де COVID-19 ауруының өсуі байқалады. Осыған байланысты барлық алдын алу шараларын сақтау қажет. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаған жөн.Адамдар көп жиналатын орындарға бармауға тырысу қажет. Қолды жиі жуу да басты шарттардың бірі. Санитарлық ережелерді сақтай отырып, аурудың алдын алуға болады», - деді С.Рахменшеев.
Сондай-ақ, бас дәрігер биыл ЖРВИ, тұмау, коронавирус қатар жүретінін жеткізді. Сондықтан тұрғындарды тұмау белгілеріне жеңіл-желпі қарамауға шақырды.
«Тұмау белгілерін байқасаңыз міндетті түрде емханаға жүгіну керек. Өзін-өзі емдеумен айналысудың қажеті жоқ. Ең бастысы – дәрігерлермен кеңескен абзал. Хабарласқаннан кейін дәрігерлер сізді бақылауға алып, қажетті емдеуді тағайындайды», - деді ол.
Еске салайық, алматылық дәргерлер мегаполис тұрғындарына санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауға үнемі кеңес береді.
Тәуекел (қауіп) топтарындағы: 65 жастан асқан қарт адамдар, кез келген жастағы ауыр созылмалы аурулары бар, тыныс алу аурулары, аутоиммундық, жүрек-қан тамырлары және қатерлі ісік аурулары, қант диабеті бар адамдар үйде болуы керек. Адамдар көп жиналатын жерлерге бару өте қауіпті, оның ішінде үйлену тойы, жерлеу рәсімдері, еске алу және тағы басқасы бар.
- Павлодар облысында «Қазақ тілі QR-код» жобасы іске қосылды
- Волонтерлер жылы ШҚО еріктілері қандай жұмыс атқарды
- 2020 жылы жаңа көліктер арасында ең көп сатылған брендтер белгілі болды
- Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады
-
Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады
-
Алименттен қашқан әке 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді - Қостанай
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам