Биыл Жол картасы аясында қанша жұмыс орны құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы (ЖҚЖК) аясында биыл 331 жоба іске асырылатын болады. 2021 жылы барлығы 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның 10,2 мыңы тұрақты жұмыс орны болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұдан басқа, 2020 жылы іске қосылған 259 жобаны іске асыру жалғасуда, оның аясында 81 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.
Іске асыру тәжірибесін ескере отырып, ЖҚЖК-ға талдау жүргізілді және мыналарды көздейтін жаңа тәсілдер әзірленді:
– жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту;
– отандық тауарлар өндірісін, қызметтерді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;
– ЖҚЖК-ға құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін салу әрі реконструкциялау жөніндегі жобаларды ғана қоса отырып, инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу критерийлерін қайта қарау.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ЖҚЖК аясында 239 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 6,6 мыңы – тұрақты. Бұл ретте жұмысқа орналастырылған азаматтардың 50,3 пайызы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс тапты, 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты - отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90 пайызын қолдануды қамтамасыз ету. Қызметкерлердің кемінде жартысын халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.
- «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы 2 мың азық-түлік себетін таратты
- Нұр-Сұлтанда тұрмысы төмен 2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
- 70 жастағы әже жолаушы тасып еңбек етеді
- Атырауда арнайы мектеп-интернатта екі жаңа аудиокласс пайда болды
-
Роман Скляр мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды
-
Биыл жаңартылған энергия саласында 23 жоба іске асырылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам