Биыл Жетісу облысының білім саласына 162,8 млрд теңге бөлінген

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында ең көп қаржы бөлінетін - білім саласы. Биыл оның бюджеті 162,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылы бөлінген бюджет - 162,8 млрд теңге. Оның ішінде еңбекақы төлеу қоры – 118,8 млрд теңге немесе барлық бюджеттің 73% құрайды», - деді Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли өңір басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте.

Баяндамашының мәліметі бойынша, қазір Жетісу облысында 339 мектеп бар. Онда 128 700 оқушы оқиды. Ал оларға 15 691 мұғалім білім береді.

Соңғы жаңалықтар