Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді – Қорғаныс министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», - делінген хабарламада.

Ведомство, алайда мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

«Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған», - деп атап өткен ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар