Биыл жем-шөп тапшылығы болмайды –министр Қарашөкеев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде жем-шөп дайындау жоспарына қатысты айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл мал азығы бойынша тапшылық болмайды деген пікірдеміз. Жем-шөп өндіруді дамыту бағытында арнайы жол картасын қабылдадық. Осы карта аясында жем-шөп дақылдары егілген егістіктер көлемі екі жыл қатарынан ұлғайып келеді», - деді Ербол Қарашөкеев Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ауыл шаруашылығы министрі биыл мал азығын жинау үшін қолайлы жағдай бар екенін, фермерлер жем-шөп даярлауға алдын ала қамдауы тиіс екенін айтты.

«Биыл өңірлердегі ылғалдың деңгейін қарап шықтық, яғни орташа жылдық көрсеткіштер сақталып отыр. Сондықтан батыс және оңтүстік өңірлердегі 2021 жылғы проблемалар қайталанбайды. Мал шаруашылығы саласы өседі деп жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1,5 млн гектар суармалы жер игеріледі.


Соңғы жаңалықтар