Биыл жекешелендірудің кешенді жоспарын 90%-ға орындау қажет - Әлихан Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауапты органдарға жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық саясаттағы басымдықтардың бірі – мемлекеттің экономикадағы үлесін жалпы ішкі өнімнің 14,4%-на дейін біртіндеп қысқарту. Биыл 2025-ші жылға дейінгі жекешелендірудің кешенді жоспарының 90%-ға орындалуын қамтамасыз ету керек», - деп тапсырма жүктеді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет отырысында Премьер-Министр биыл негізгі капиталға 18,5 трлн теңге инвестиция тарту қажет екенін атап өтті. Бұған қоса, ол министрліктер мен әкімдіктерге бизнесті қолдау және кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу бойынша тапсырма жүктеді.


Соңғы жаңалықтар