Биыл жазда Қазақстанда ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы жазда ауа райы құбылмалы болады. Қазақстандықтарды нөсер жаңбырлы, найзағайлы және желді, сондай-ақ ашық күндер күтіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Тамыз айы салқын болады. Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климат нормасы шегінде болмақ.

Тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана нормадан жоғары болады деген болжам бар.

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады.

Республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал.

Шілде мен тамыз айларында керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады — климаттық нормаға жақын.


Соңғы жаңалықтар