Биыл жазда Астанадан Алакөлге «Тальго» пойызы қатынайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Тайжанов биыл Алакөлге баратын туристерге неше пойыз қызмет көрсететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы кезеңге жолаушы тасымалдайтын 1930 вагон дайындап қойдық. Быил жазда қосымша 6 жазғы маршрут ұйымдастырамыз. Негізгі бағыттар, әрине, Алакөлдегі курорттық аймақтарды дамыту. Біз тиісті министрліктермен, Kazakh Tourism және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ, туристік агенттіктермен бірге туристік аймақтарды дамыту бағытында нақты жұмыс жүргізіп келеміз. Соның ішінде Алакөл бойынша жыл сайын туризм маусымы басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін кеңес өткізіп, бүкіл болған кемшіліктер мен талап-тілектерді талқылаймыз», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы.

Компания биыл сол өтініштерді ескеріп Астанадан Алакөлге жүрдек пойыз шығармақшы.

«Былтырғы маусым қорытындысы бойынша біздің туристік компаниялар мен жолаушылар тарапынан Астана қаласынан Алакөл бағытында «Тальго» пойызы қатынаса деген тілек болған. Биыл біз сол тілекті орындаймыз. Жазғы кезеңде Астанадлат Алакөлге «Тальго» пойызы қатынайды. Жалпы Алакөл бағытында 11 маршрут жоспарланған. Астанадан қатынайтын 3 маршруттың біреуі «Тальго» пойызы болады. Алматыдан қатынайтын 5 маршруттың екеуі «Тальго» пойызы болады. Шығыс Қазақстан облысынан 2 пойыз, Абай облысынан 1 пойыз қатынайды», - деді Жәнібек Тайжанов.


Соңғы жаңалықтар