Биыл жазасын өтеушілер 1,2 млрд теңге қарызын өтеген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жазасын өтеп жатқан азаматтар жыл басынан бері 1,2 млрд теңге көлемінде қарызын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері сотталғандар 1,2 млрд теңгеге жуық қарызын өтеді. Айта кету керек, жазасын өтеп жүріп жұмыс істеу мүмкіндігі барлық сотталушыға беріледі. Дегенмен қандай маман қажет екенін тек жұмыс беруші шешеді», - деген хабар таратты қылмыстық атқару жүйесі комитеті.

Сондай-ақ, хабарламада сотталушылардың жаңа кәсіп меңгере алатыны айтылған.

«Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі кәсіпорындарда сұранысқа ие жаңа мамандықтарды меңгеруге болады. Аталған шара жұмыспен қамтылғандардың санын арттыру мақсатында іске асып жатыр. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандарды оқытуды білім басқармалары жанындағы кәсіптік колледждер жүзеге асырады», - делінген ресми ақпаратта.

Комитеттің мәліметінше, 2020-2021 оқу жылынан бері 2 мыңнан астам сотталушы білім алды.


Соңғы жаңалықтар