Биыл жаз ортасына дейін 640 мың астаналыққа вакцина егіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Сәуір айында 60 мыңнан астам елордалыққа вакцина егу жоспарда бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы елордада 647 мың адамға вакцина егіледі деп жоспарланған. Сәуір айында 60 мыңнан астам адамға вакцина егу жоспарда бар. Ары қарай вакцинаның келіп жетуіне байланысты жоспарды орындай береміз. Жаздың ортасына қарай жоспар орындалады деп ойлаймын», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Ол елордалықтарға қандай вакцина егілетіні туралы айтты.

«Әзірге «Спутник V» вакцинасы егіледі деп жоспарлануда. Басқа вакциналарға қатысты сұрақтарға жауап беру менің құзіретімде емес. Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақатау министрлігі басқа вакциналарды сатып алу бойынша мәселені қарастырып жатыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар