Биыл Жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны бекіту керек - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны бекіту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар жылы» аяқталды. Бірақ жастар саясаты бойынша стратегиялық, заңнамалық сияқты жүйелі шаралар жалғасады. Бұл бір жылда бітетін жұмыстар емес. Биылғы біздің міндеттер: Біріншіден, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының жастар саясаты тұжырымдамасын жасау; екіншіден, Жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны бекіту. Бұл құжатта қолжетімді баспана беру, жұмыспен және сапалы біліммен қамтамасыз ету механизмдері қарастырылады«, - деді ол.

Дәурен Абаевтың айтуынша, үшіншіден, Отбасылық-гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі екінші сатысын жүзеге асыруға кірісу қажет. Ол көпбалалы отбасыларды, жалғыз басты ата-аналарды қолдау шараларын, кризис орталықтардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын жетілдіруді және басқаларын қамтиды. Төртіншіден, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу керек.

»Биыл біз ЭКСПО павильоны базасында ArtHUB құру бойынша барлық мәселелерді пысықтауымыз керек. Бұл шығармашылық жастарға арналған бірегей заманауи алаң болады. Ол жерде жастар өздерінің жобалары мен бастамаларын жүзеге асырады. Оған қоса, мынадай іс-шараларды өткізу жоспарлануда: «Zeren» жазғы танымдық лагері; V Республикалық әкелер форумы және Халықаралық сараптамалық форумы; Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік кеңесі. Осы салаларға жетекшілік ететін вице-министр Оспанқұлов Ғабидулла Абдуллаұлына жастар саясаты аясындағы жоспарланған шараларды орындауды тапсырамын«, - деді министр.


Соңғы жаңалықтар