Биыл жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 460 МВт-қа жетеді - Қанат Бозымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 460 МВт-қа жетеді. Бұл туралы бүгін Global Challenges Summit 2018 форумы аясында өткен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының тұсаукесер шарасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көптеген елдер үшін «жасыл экономика» мемлекеттің экономикасының өсуіне және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың драйверіне айналды. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жылдарында ресурстарды үнемдейтін таза технологияларды пайдалану қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 94 пайызға және ауылдық жерлерде 57 пайызға жақсартуға мүмкіндік бергеніне көзіміз жетті. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі екі есе өсті. Қазіргі заманға лайықты энергия үнемдеу жүйесінің негізі құрылды. Ағымдағы жылдың соңына қарай жаңартылатын энергия көздерінің қуаты шамамен 460 МВт болады деп күтілуде. Қолданыстағы көмір электр стансаларында заманауи күлді өңдеу құрылғыларын енгізу жұмыстары жалғасуда. Қалдықтарды өңдеу және қайта өңдеу 31 пайызға жетті», - деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған нәтижелерге өндіріс пен тұтыну салаларына жасыл экономика ұстанымдарын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың және шетелдік серіктестермен конструктивті жұмыстардың арқасында қол жеткізіліп отыр.

«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының құрылуының арқасында бұл процестің кеңейе түсеріне сенім артамыз. Премьер-Министр атап өткендей, орталық біздің елімізде және толықтай алғанда Орталық Азияда жаңа технологияларды пайдаланудың катализаторына айналуы тиіс. Қазақстан жаңа технологиялық шешімдерді іздеуге және инвестиция тартуға мүдделік танытатындығын атап өткім келеді», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар